Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
117
Сұлулардан әлі де дәмелімін...
Сұлулардан әлі де дәмелімін,
Жаратқан соң құлы етіп әдемінің!
Сері десін ақынды, пері десін,
Керегі жоқ пенделер әдебінің!
Шариғаты, заңы бар замандардың,
Наны емес пе ол «оқымыш» мамандардың!
Өз жанымның іздеуі өзек тала –
Хас сұлулар құшағын самалдар күн!
Тояттанбай келемін, шөлім қанбай,
Аңсауменен семірген көңіл нардай.
Сұлулардан несібем біткен күні-ақ
Сұмдық қорқам – ар жағы өлім бардай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter