Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
143
Жаным мидай Бетбақдала безерген...
Жаным мидай Бетбақдала безерген,
Сорым шығып, жылдар ерні кезерген,
Қара бұлттай көңілім тамшы тамызбай,
Түйдегімен ауа қашып, өзі өлген.
Бір кездерде жезкиіктер жөңкіліп,
Жағалауы жасыл құрақ, көл тұнық.
Шалғыныңда шаңқан арман шалқалап,
Шалықтағам, көзім нњрға толтырып!
Жаным мидай Бетпақдала дәл бүгін,
Мойындаған селдір-селдір шалдығын.
Төбет көңіл мүжіп жатыр сүйектей
Бастан қалған бақытының қалдығын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter