Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
152
Бет моншағың төгіліп көрінгеннен...
Бет моншағың төгіліп көрінгеннен,
Жақсы еді деп жүрсің бе өлім келген?!
Сені білем, сырт көзге сып-сыпайы,
Сынық мінез әйелсің сенімге енген!
Мен де албырт шағымда, албырт күнде,
Болған екем тірлікте мәңгүрт мүлде.
Махаббаттың буына мас боп жүріп,
Алданышпен, сен қапсың салғырт күйде.
Бос арбадай көшеде салдыраған,
Көрінгенге жайылып жалбырағам.
Баладай-ақ бір сипап жњбатқалы,
Күн кешіпсің көңілмен салбыраған.
Күн туғанда басыма бұлты қалың,
Сәуле таппай бір жылы шырқырадым.
Түйілдің сен табалап қабағыңмен,
Тез сейіліп кетердей бұл тұманым.
Ұқтым бәрін, қайтейін, тым кеш ұқтым,
Өмір емес, сусылдақ құм кешіппін.
Бас сауғалап қала бер бағың жанып,
Ашыларын білсең шын кімге есіктің?!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter