Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  124


Автор: Бекен Әбдіразақов

Жантайдым ғой жанына сұлулардың...

Жантайдым ғой жанына сұлулардың,
Кім аңсамас бақшасын жылу-нәрдің.
Бір түнесе, мың жылдық мауқын басып,
Армандайды тояттап тұруды әркім!
Қарай көрші дерсің-ау, қызылшылын,
Қымыз емес, қыз деген – қызыл шырын!
Жүрек кілкіп, тұмандап бас айналып,
Құрыдым де дірілдеп бұзылса үнің!
Тәңір өзі сақтасын қырсығынан,
Көз жасың да ем болмас мың сығылған.
Ғашықтық та ғазаббат жолындай ғой,
Қиыласың, бейшара, қыршыныңнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу