Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
107
Махаббаттың сыры, сыны кеткесін...
Махаббаттың сыры, сыны кеткесін,
Суық шалған пендедей-ақ өкпесін.
Кісі аяйтын сұрын көріп жаныңыз,
Болашақтан суынады қаныңыз.
Кім айтады махаббат жас, мәңгі деп?
Жайнағандай алтын нұрмен таңғы көк,
Ол да жайнап, нұры сөнер кезінде
Нарттай қанды кек тұрады көзінде!
Кешірмейді кәрілікті махаббат,
Құдайдан да күтпейді еш шапағат!
Махаббаттың ұлысының ұлысы –
Жұдырықтай жүрегінің тынысы,
Қалғандары аламанкөз ұрысы!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter