Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  109


Автор: Бекен Әбдіразақов

Жүрегіме жара сап ең...

Жүрегіме жара сап ең,
Тыртық қалды орнында!
Жұрт көзінен жаба сап ем,
Өршеленіп болдың ба?
Жара түскір кезек алып,
Ісінді де ұлғайды.
Алынбайтын өзегі анық
Дертке айналды – бұл қайғы!
Өзің тілеп алған дерттен
Ем табылмас – сол жақсы!
Аяқ асты қалған серттен
Не қасиет болмақшы?!
Аспан асты, жер үстінен
Табылар-ау орын да!
Тілемеймін тегісті мен,
Бұралаң көп жолымда.
Сүрінермін, құлармын да,
Жылармын да қамығып!
Шым батармын мұнар мұңға,
Жалғыздықтан жабығып!
Бірақ өткен өміріме
Өкінбестен өтермін.
Армандаған өңіріме
Бәлкім, кештеу жетермін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу