Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
102
Сындырмай-ақ жүрсем де мен қырымды...
Сындырмай-ақ жүрсем де мен қырымды,
Көңіл қайда құстай ұшқан бұрынғы!
Көжектей-ақ үркек сезім іште бар,
Алдырмауға аңдысамын сырымды.
Бірақ кейде ұстарадай сезімің,
Бір тамырын шекіп алып өзінің,
Қара қанын тамшылатып абайсыз,
Жария етер сағы сынған кезінің.
Біреуде – аяу, біреуде – ащы кекесін,
Қас қағымда өкпек сыннан өтесің.
Қайта таңып, жазылғанын күтесің,
Жараланған жүрегіңнің шекесін.
Сағынасың күндеріңді Ай қабақ,
Кеше ғана басыңдағы қайда бақ?
Жиі-жиі сипап қойып бетіңді,
Маңайыңа мелшиесің жай қарап.
Шаруаң не сұлу сырлы айдағы,
Отырысың ойсыз-күйсіз пайдалы.
Қан жүгіріп, жан шырылдап бір кезде,
Қобырайды қою бұлттай қайдағы...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter