Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
151
Келді тағы жаздағы ең ұзақ күн!
Келді тағы жаздағы ең ұзақ күн!
Қызымдай, қызығымдай мен ұзаттым.
Жастықтың жағалауы, жүрек тойы
Алыс қой, абайламай мен ұзаппын.
Алматы аспанының ала бұлты
Шатырдай келеңкелеп қала жұртын,
Салқынмен шаттандырса, жарты көңілім
Аңсайды аптап дауыл алабұртып.
Алатаңнан аузын ашып көңілім,
Жырта жаздап жатыр жанның өңірін.
Қарс айырып, көкіректен жұлып ап,
Үзсем бе екен жасық жүрек өмірін!
Қанша лаулап жан ұшыра жанбасын,
Білем енді аш құмары қанбасын!
Іздеуменен сандалып мен өтермін
Жанып жұрген деуренімнің өн басын!
Қош, елу бір, жайсыз болды бесігің,
Елу екім ашқалы тњр есігін.
Суылдаған жүрекпенен ашамын,
Бітегелі тозған дүние тесігін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter