Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  127


Автор: Бекен Әбдіразақов

Көшкен өмір – көрген түс...

Көшкен өмір – көрген түс,
Тірлікте жоқ санаты.
Өшкен көңіл – өлген құс,
Қайырылып қанаты.
Ой қаңғыбас – басы ауған
Жаққа қарай жөңкіген.
Құсалықтан асау жан
Өртенер өз өртімен.
Күлге айналып, баршасын
Ізім-қайым жел қуған.
Ер жігіттер арқасын
Тосып, өртке бел бұған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу