Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  121


Автор: Бекен Әбдіразақов

От едім өшкен, лебіңнен сенің түтедім...

От едім өшкен, лебіңнен сенің түтедім,
Тымықта соққан самалдай неткен құт едің.
Жаутандап қарап жолыңа жетім баладай,
Рақат бір сәтті жұмақтай аңсап, күтемін.
Күтемін аңсап – жанымның осы арманы,
Басқадан амал, қайтейін,бірақ қалмады.
Көкірегім тола үміт пен арман нұры еді,
Қасіретті қайғы аждаћадай-ақ жалмады.
Сенделіп жүрмін сергелдең, сырдаң жалғанда,
Таусылып, тақыр болғандай менде арман да!
Тұтанған жүрек лапылдай лаулап кетпес пе,
Құшаққа сені құштарлықпенен алғанда?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу