Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  109


Автор: Бекен Әбдіразақов

Есім жоқ па, білмеймін, есім бар ма?

Есім жоқ па, білмеймін, есім бар ма?
Қу тірлікке зығырдан өшім бар ма?
Сылқа тойып шарапқа ұйықтап қалам,
Кейбір сұлу десе де кешінді арна!
Әлде тойып болдым ба қуанышқа,
Әлде өткен қызығым жұбаныш па!?
Бұ дүниелік шаттыққа жүрек кілкіп,
Ұмтылады белгісіз бір алысқа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу