Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  117


Автор: Бекен Әбдіразақов

Бауларды басты тұмандай

Бауларды басты тұмандай
Сары аптап мұң.
Мезгілдің сырын ұға алмай,
Қарап қаппын.
Мәуесін кеше үзіп жеп,
Тойлағамын.
Күтпеген бүгін күзім кеп,
Ойланамын.
Тіршілік – бесік өсірген
Жер үстінде.
Бола ма күні кесілген
Жемістің де?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу