Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
137
Таудай бақыт тілемей...
Таудай бақыт тілемей,
Бармақтай бақ тіледім.
Өмір маған бір өгей,
Түк бермеді – білемін.
Түнде көзді шыладым,
Көпшігімді сығымдап.
Бірақ ерте тұрамын,
Аяқ-басты мығымдап.
Қумадым мен даңқты,
Дүние шашып жұрттардай.
Жаным сырға қанықты,
Үрлеп барып ұрттардай.
«Түлкі болса заманың,
Тазы боп шал» дегенді –
Ұранындай арамның,
Қош көрмедім, тегі, енді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter