Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
117
Арарат тау басында
Арарат тау басында
Нұх пайғамбар кемесі
Қалған десе, қасынба,
Жалған оны демеші!
Қазығұрт тау басында
Нұх пайғамбар кемесі
Қалған десе, тасынба,
Болған оны демеші!
Нұх пайғамбар кемесі
Ұлы топан кезінде,
Барша таудың төбесі
Қалған дейді өзінде!
Қызғанбайық пендеден
Қасиетті аңызды.
Өмір оты сөнбеген –
Ақиқаттан маңызды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter