Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  153


Автор: Бекен Әбдіразақов

Сағынып келдім, туған жер!!!

Аспаны шаңға көмілген,
Арысым деп ем баяғы.
Жапырағы жайнап төгілген,
Болыпсың мекен саялы.
Бір кезде мен де бір шыбық
Қадаған едім ойланбай,
Ғажап қой мына тіршілік,
Көркіне көңіл тойғандай.
Сонда да мынау бір ұлың
Аңсайды сенің шаңыңды.
Сағынып келген құлының
Қарсы алды алтын таңыңды.
Ұйқым да келмей түнімен,
Аунақшып шықтым,
Арысым, Далада өскен гүліңнен
Дауаны таптым жан үшін.
Сағынып келдім, туған жер!
Кіндікті кесіп, жуған жер,
Перзентің келіп отыр ғой
Қорғауға сені буған бел.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу