Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  131


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қамалдай қоршап тұр қырат...

Қамалдай қоршап тұр қырат,
Ойпаңда жатыр Арысым.
Қазандай буы бұрқырап,
Жаңғыртып еңбек жарысын.
Көрдің бе аппақ түтінді,
Қалықтап көкке өрлеген.
Ауада жүндей түтілген,
Кездесіп қиқар желменен.
Қыраттан құлап сорғалап,
Түсті әне, состав Оралдан.
Бағытын оңға, солға да ап,
Зырлайды пойыз жол алған.
Пойыздар қаздай қаңқылдап,
Басады кейде айқайға.
Түнде де оттар жарқылдап
Үңілер барып сай-сайға.
Дауыстар шаң-шұң күн-түні,
Жарса да солай аспанды.
Естисің жарқын күлкіні,
Көресің жалын жастарды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу