Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  130


Автор: Бекен Әбдіразақов

Арыс

Ашуға кейде булығып,
Арнаңа сыймай көпірсең.
Жағаңды айқай-шулы қып,
Ылайлап, жуып өтуші ең.
Мөлдіреп кейде тұп-тұнық
Бетінде майда толқының
Сырғанап ағып, көп тұйық
Сыр бүгетін сол түрің.
Білуге терең сырыңды
Болмадым онда құштарлы.
Айтайын сезген шынымды:
Бойыңда жойқын күш бар-ды!
Жағаңнан түлеп, білім деп,
Жол тарттым алыс қалаға.
Сол шақта мұңмен күбірлеп,
Ой салдың маған – балаңа!
Алқабың аппақ алтынға
Оранып жатыр, Арысым!
Бере бер бәрін халқыма
Еңбектен елім танысын!
Сағынып келдім шуынды,
Қойныңа, Арыс, бойлайын!
Құшайын мөлдір суыңды,
Шортанша жүзіп, ойнайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу