Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  91


Автор: Бекен Әбдіразақов

Жаз өткенін қалайша аңдамағам...

Жаз өткенін қалайша аңдамағам,
Былтырғыдай жұқпапты-ау
шаң да маған, –
Құмға аунап Арыстың жағасында,
Шәуілдірдің масасы қандамаған.
Татып, тойып ішпедім қымызын да,
Қара суға қаныппын күн ұзында.
Топырақтың ыстығын табан сезбей,
Даладағы зар болдым мың ызыңға.
Туған айда толысқан тегенедей,
Маңайына мың жұлдыз шегелемей, –
Көңіл түнін жамылып жата бергем,
Тағдырыма бұ қалай, неге демей.
Жаз өткенін қалай мен аңдамағам,
Күн ажарын айырып, таңдамаған,
Қалай шығам қысымнан келе жатқан,
Қырсыз шаруа мен де бір қамдамаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу