Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
88
Оман арық
Оман арық,
Бір мәрте ағып барып,
Аман қалғам бір құдірет қағып қалып.
Сонан бері толқынмен төбелесіп,
Теңізден де тайсалмай келем өсіп.
Оман арық өзен бе, арық па өзі?
Бірі де емес, бұл – түнық халық көзі.
Сонау жылы барша жұрт қоғамдасып,
Тартты мұны Арыстан тоғанды ашып.
Шидем шекпен мыңдаған шәуілдірлік,
Белді шешіп көрсеткен тәуір бірлік.
Тәуір бірлік өкеліп тәуір күнге,
Қан жүгірткен сор басқан Шәуілдірге.
Жас келіншек жүзіндей жерім жайнап,
Құт тасыды бұл арық белін байлап.
Оман арық – осындай еңбекші арық,
Өмірге тек сусын-нәр келмекші алып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter