Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
133

Түнгі романс
Қалқам, саған арнадым мөлдір өлең,
Кісіліктің көктегі кілті, міне.
Мөлдіреген көзіңнен көлді көрем,
Ілінермін тамшы боп кірпігіңе.
Әлди, әлди, әлди-ай...
Мөлдір ауа тербетіп мөлдір әнді,
Елестетер аққудың көгілдірін.
Мөлдір күйге келтіріп домбырамды,
Мөлдір сазбен тазартам көңіл кірін.
Әлди, әлди, әлди-ай...
Мөлдір аспан жұлдызбен жақұттанса,
Он бесінде толған Ай сияқтысың.
Біздің басқа бұйырар бақыт қанша,
Тек ұшырып алмайық мият құсын.
Әлди, әлди, әлди-ай...
Мөлдір сезім жүректің дүрсіліндей,
Мөлдір махаббатымды аяладым.
Сұлулықтан құлпырып жүрші гүлдей,
Ұсынайын жанымның саябағын.
Әлди, әлди, әлди-ай..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter