Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
106
Сарсаң
Айқайладым ғаламға мынау,
Ол бәрібір тұр мәңгіп.
Өлең үшін алаңдадым-ау,
Шыбын жанды құрбан ғып.
Бара жатыр ғұмырым көшіп,
Мені күтпей неліктен?..
Тұлпарлардың дүбірі үндесіп,
Уақыт та желіккен.
Таң атпады құлшынып бөлек,
Естілмеді ән аңқып.
Ұясынан Күн шығып келед,
Мән берместен маған түк.
Көш соңында қашанғы жүрем,
Жақпайды деп жұрт іші?..
Мың құбылған жасанды кілең
Бұл заманның түр-түсі.
Айналаны бір ауыр тұман
Салмағымен басқандай.
Қапы қалдым жылау ырқынан,
Жанарымнан жас тамбай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter