Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
118
Элегиялық этюд
Ей, қоңыр кешім,
Өтіп бара жатқан не, өмір ме шын?..
Жылап тұрып қоштасам әр күніммен,
Сенің жасың төгілмесін.
Жүрек өртенеді,
Бұрын бәрі қызық та көркем еді.
Шаршағанмын әупілдек күзгі желден –
Осынау өлкедегі.
Қарқылдаған саңғыма түн
Бір адамды таптырмас жанды ұғатын.
Жаяулатып көшеде жалғыз жүрген
Мен – қаңғыр ақын.
Мұңдылау болғасын ба,
Ауыр көңілім ұқсайды қорғасынға.
...Таңға дейін жақсы өлең жазсам деймін,
Құдай қолдасын да!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter