29.05.2022
  125


Автор: Ескен Елубаев

ЖАСЫРЫНБАҚ ОСЫ МА?

Күндердiң бiр күнiнде
Жасырынбақ ойнадық.
– Кетiп қалма үйiңе,
Бекер əуре болмайық, –
Дедi Сапақ:
– Алдымен
Мен тығылам, сен iзде!
Көздi жұмып қалдым мен,
Беттi берiп терiске.
– Ал, iздеймiн, сақтан, – деп,
Iздеп жүрмiн жүгiрiп.
Жуық маңнан тапқам жоқ,
Қайда жатыр тығылып,
Ауылды сан шарладым,
Қарап қора, ақырды.
Мен қай жерге бармадым,
Таба алмадым ақыры.
Жүйкелеген күйiмде
Қарным ашып қабысып,
Соға кетсем үйiне,
Отыр Сапақ шай iшiп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу