29.05.2022
  144


Автор: Ескен Елубаев

МƏНIСI

Атасы үнсiз,
Əжесi де үнсiз.
Папасы да үнсiз,
Мамасы да үнсiз.
Отырады меңiреу,
Адамдардай тiлсiз.
Бiр-бiрiне тiл қатса,
Сөйлеседi iшiнен.
Бөлме iшiнде жүредi,
Аяғының ұшымен.
Даладағы итi де,
Арс-арс етiп үрмейдi.
Қызыл қасқа сиыры
Мөңiреудi бiлмейдi.
Радио да самбырлап,
Сөйлемейдi, күлмейдi.
Тоқтап қалған сағат та,
Сырт-сырт етiп жүрмейдi.
Мазаны алып ызыңдап,
Ұшпайды да шыбын...
Бiлмек болсаң, балалар,
Бар мəнiсiн мұның:
Үйдегi ерке Батыр
Сабақ оқып жатыр!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу