Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
29.05.2022
192
АЯЗДЫ КҮНI
Далада аяз, қашан ғана тыншиды?
Мұрынды бiр,
Құлақты бiр шымшиды.
Үйде Асан ыстық көже iше алмай,
Iшек-қарны шұрылдайды, сыңсиды.
Темiр қасық! Қалай аузы күймейдi?
Қасығы да ернiне бiр тимейдi.
Тиiп кетсе, ернiн қасық күйдiрiп,
Асан батыр баж етiп зар илейдi.
Суығанша төзiмi оның жетпедi,
Көженi алып тысқа қарай беттедi.
Қар үстiнде суысын деп тұрғанда,
Қос құлағы аз-ақ үсiп кетпедi.
Аяз күн Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter