Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
29.05.2022
152
ЖҰМБАҚ ӨЛЕҢ
Бiрi киген киiмдi
Екiншiсi киедi.
Қайда барса бiр барып,
Жұбын жазбай жүредi.
Тұра алмайды жарыспай,
Ағайынды екеуi.
Бiр-бiрiнен қалыспай,
Кезек озып кетедi.
Əлi күнге бұлардың
Бəсекесi бiтпедi.
Не бiреуi қалып қап,
Бiреуi озып кетпедi.
(Екi аяқ)
балабақшаға арналған тақпақ балаларға арналған тақпақ Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев жұмбақ өлең Киiм
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter