29.05.2022
  116


Автор: Ескен Елубаев

БIЛГIШIН-АЙ

Асанды ерттiм жаныма,
Бауға бiрге барғалы.
Бiледi ол айыра,
«ЗИМ» мен «ЧАЙКА»,
«ВОЛГАНЫ».
Көшеде олар асығыс
Өтiп жатыр шұбалып.
– Ал мынауың «МОСКВИЧ», –
Деп қояды қуанып.
...Келе жатты бiр кiсi
Осы кезде жолменен.
Жетегiнде бұзау бар,
Бұрын Асан көрмеген.


– Ал мынау не? – дедiм мен,
Асан бiраз кiдiрдi.
Содан сөзiн сенiммен:
– Ол ит қой, – деп бiтiрдi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу