Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  220


Автор: Нұрым Ғұмар

Досым 


Бауыр дегенің осындай болармеді,

Тек сенсің жан-тәнімнің сынар, теңі.

Маза бермей от лаулап жүрегімнен,

Саған деген сағыныш шығар тегі.



Көрдік біздер сан талай жаңылысып,

Жырақ кетсек қалармыз сағынысып.

Алматы - арман шахар , кете бардың,

Жүрегімнің бөлшегін алып үзіп...



Ұмытпаспын сол өткен балалықты,

Күн тусын, бақ-береке, жаңа құтты.

Бал күндерді армандап жүрмін әлі,

Сенде ұмытпа, сол уақыт аралықты.



Орал жақтан өлең сап қазір досың,

Отыр ол, бір бұрышта қамығады.

Құбылып жүр қан жұтып жаным о, шын!.

Болмағасын тап сендей жан ұғары.

Жаным менің үн-түнсіз қаңырады.



Досым 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу