Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  136


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Жұмбақ жағдай

...Қайта жаралып,
Тайғақ тағдырды теріс кешемін...
Жалғанды көктей – сайтанаралық,
Кезіп жүр мендік періште сенім.
Қараңғы түннен тысқары шығып,
Шам жақтым мидың түкпірлеріне.
Гүл-гүл көктемге құстар ұшырып,
Мәңгі өлең сіңді бүткіл деміме.
Зар күйге толы қобыз-кеудем бұл –
Көне сарынды қуат дарыған...
Өтермін, бәлкім, жоқ іздеумен құр –
Жап-жарық естің шуақтарынан...
Жан дүнием бейуақ бұрқырап керім,
Айдың қошынан масайып қалам.
Самалын үрлеп қыр-қырат тегін,
Жұпар атса да, рас, айықпағам.
Мылқау тірліктен тұншығып тұрмын,
Сиқыр сөздер кеп жібектей тілге.
...Дір етті жапырақ күрсініп күлгін,
Жүрек кейпінде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу