Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.05.2022
156

шабыт шақыру
Қара өлеңді жазуға –
Құдайдың өзі себепші.
Ақ өлеңді жазуға –
Алланың өзі медетші.
Шақырғаным – жел шабыт,
Толағайға тел шабыт!
Әлқисса, қаламымды қолыма алдым,
Торықсам – тоқыраудан торығармын...
Жас болып жанарыма тұнуын-ай
Қоңыр күз, қоңыр ауыл, қоңыр әннің!..
Жол – қисық, амал нешік, жүріс – нәлет,
Жұрт құсап біз де тыныш тыныстар ек.
Ал қазір оңашада қорланамын –
Таңдаған бағытымыз дұрыс па деп.
Бұл түні мақпал мінез самал еспей,
Көңілім мұңға батар қара кештей.
Төбемнен қарайды аспан қабақ шытып,
Заңғар көк құртақандай маған өш пе-ей?
Бейуақта зәр татитын шер ішкелі –
Толғауым туды талай теріс, кері…
Тәубеге келер ме екен соқыр дүние,
Көргенде жұмақтағы періштені?..
Қалай ойлайсың???
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter