Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.05.2022
112

Жанпида
Маңғыстау, мен қайтейін мың зарыңды,
Мың-мыңдап қайран елім мұң жамылды!..
Қырғыны қатты тиді «бейбіт күннің»,
Қыршыннан қиып кетті-ау ұлдарыңды.
Туғалы маңдайымыз тайқы ма еді,
Түртті екен сайтанаттың қай түлені?
Қашаннан жүрек жұтқан жұрт едік қой –
Қолдаған пір медеті, шайхы демі...
Кесіліп Ақтың қолы, Хақтың жолы,
Күл болды басқа қонған бақтың зоры.
Тарылды тынысымыз, ырысымыз,
Табылды қаңғып келген жаттың жоғы.
Аспанда Құдай бар-ды, жерде – мұнай,
Адайға тек қана сор бергені ма-ай?
Бейкүнә боздақтарың қырылмаса –
Бейуақта батпас едім шерге бұлай...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter