Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.05.2022
168
Каспийдің көз жасы
Каспийдің көз жасы – тереңде,
Сорасын ешкім де көрмейді.
Кеудесі толы оның шеменге,
Сондықтан жүрегі шөлдейді.
Не білдік құрлықта тұрып біз,
Салады дейміз-ау айдын ән.
Уағынан бәрін кеш ұғыппыз,
Толқындар өлуде қайғыдан.
Қайғыдан өлуде толқындар,
Жағаға асығып – асылып.
Менің де қу жаным солқылдар,
Жарамды өзгеден жасырып.
Жас ұрып талайын қайықтың,
Батқан-дүр түбіне теңіздің.
Суындай* жоғалған ғайыппын,
Каспиймен о бастан егізбін!..
*Суын – аңыздағы теңіз жылқысы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter