27.05.2022
  599


Автор: Марат Нұрқалиев

Аяқ астынан арандау

Төртінші қабатқа көтерілген соң тоқтай қалды. Қалтасын олай-бұлай қарап, сіріңке алды да, шырт еткізіп тұтатты. Сарғыш келте жалын жез тақташаға жарық түсірді. Онда былай деп жазылыпты:
«Tic дәрігері Яков Петрович Шишман».
– Ос-сында болды, – деп күбірледі бейтаныс адам. Қоңырауды таба  алмаған соң, есікті аяғымен тарсылдатты.
Кідірмей француз құлпы сырт етіп, есік жайлап қана ашылды.
– Ғапу етіңіз, тіс дәрігері қабылдай ма? – деп сұрады бейтаныс алакөлеңке дәлізге еппен басып кіріп келе жатып.
– Сізге аздап күте тұруға тура келеді, – деді дәрігер салқын үнмен. –
Адам қабылдап жатырмын.
– Несі бар, күте тұруға болады, – деп елпілдей келісе кетті анау.
Дәрігер оның бетіне өңменнен өтетін өткір көзімен бір қарады да, күдікті күлкімен:
– Ас үйге өтуіңізді сұраймын. Соңымнан еріңіз, – деді.
Әлгінің отырғаны сол еді, дәрігер артына кілт бұрылып, бөлмеден атып шықты да, зілмауырдый нән есікті тарс еткізіп жаба қойды.
Құлыптың сұсты сыртылы естілді.
Өңі құп-қу болып кеткен бейтаныс кісі айналасын тінте қарап шықты.
Дастарқан жабылған үстел мен екі ағаш орындықтан бөтен ештеңе де жоқ еді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу