Айласын асырды
Алматылық сықақшы Рафаэль Соколовскийдің тал бойында үшкіріп тастағандай үш мін бар. Біріншісі: өзі арагідік кітап жазып қояды. Екіншісі: өзгелердің де шығармаларын өліп-өшіп жинайды. Егер ол бәзбір «кітапқұмарлардай» мұқабасы жылтыр, жазушысы «модный» басылымдарды ғана жинар болса, онда бұл екінші кемшілігін ескермес те едік. Бірақ оның кітап қоры орыс және совет сықақшы жазушыларының қазіргі оқырмандардың басым бөлігі біле бермейтін өте көне шығармаларынан құралған.
Ал Р. Соколовскийдің үшінші бір міні – ол өзінің осы байлығын жасырғысы келмей, ірі күлкі шеберлерінің онша белгілі емес және мүлде белгісіз еңбектерін республикалық газет, журналдарға ұсынып жүретіндігі.
Осыған орай біз Р. Соколовскийдің бұл әуестігі қоғамдық тұрғыдан пайдалы деп есептеп, оның «қоймасынан» М. Зощенконың 1927 жылы «Огонектің» кітапханашасында» жарық көрген бір әңгімесін алып, жариялап отырмыз.
М. Зощенко
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter