Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.05.2022
112
Таза бол
Пенде жоқ деп
мүлдем ада күнәдан,
Ой түйсек те,
көңіл бөлші мынаған:
Аунақшымай,
түнде тыныш ұйқтайды
Қаншалықты таза болса
бұл адам.
Ішіңнен кеп
іштарлық ит қапқанда:
Қара түнге айналады
ақ таң да,
Көрінеді шөл даладай
бақшаң да,
Қолбаладай байың,
биің,
патшаң да.
Езер сосын
ит талаған жұлым жан,
Безер досың
жырым-жырым сұрыңнан.
Дер кезінде
қолға алмасаң өзіңді –
Бұл тірліктен
суынғаның суынған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter