Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.05.2022
142
Жүздесу
Өзіңді алыстатып,
Бізге іздеткен
Өтіпті отыз қыс, жаз,
күз бен көктем.
Жетіпті басатын сәт сағынышты –
Жүректі мың әлдилеп,
жүз тербеткен!!!
Отыз жыл
сан қиындық тосты Асуда,
Кезікті тілсіз жаулар –
От та, Су да.
Мұңдардан
жан сарайын тазартайық,
Сол үшін асығыңыз
Бас қосуға!!!
Жас едік,
жалын едік шетімізден –
Сүйгенді күйдіретін
отымызбен!
Бір сәтке
оралайық балғын шаққа,
Сол үшін табылыңыз
кешімізден!!!
Отыз жыл арада өткен
аз ба, көп пе,
Дәл соны айта алмай
сөзбен екшеп,
Күледі барлығы да
мәз-мәйрам боп,
Түсуге бәрі құштар
көзге ерекше!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter