Өлеңдер ✍️

  27.05.2022
  124


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Бір ұғымның мұңы мың

Сыйласқан жөн тiрлiкте,–
деп тұжырып,
Бiр ұғымның дәмiн татқам,–
тұзы нық.
Бұжыр мойын ұғымына
кез болып
Тұщымды ойым
сала бердi бұзылып.
Жаңалық та емес едi
бұл анық,
Жамандық та еместiгiн
ұғалық.
Төмендемес адам, –
деген ойда едiм, –
Төбесiне
бұл ұғымды шығарып.
Рас, мұны дейтiн болсам –
бал-шекер,
Төзiмi – шар
табан асты тарс етер.
Сонша сызат
түсерi хақ жүрекке
Тұщы ойыңды
тұздап өтсе қанша есер.
Осы ұғымды
серiк етiп күнбе-күн,
Бiрге ұйықтап,
оянғанда бiрге тұр.
Тiл табыспай, –
төртке бөлiп ұйқыңды,
Жүрегiңдi өртке бөлеп
жүрмесiн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу