Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  130


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Сүріншек едің

Соқтықпалы өмір сынында
сүріншек едің,
Сен жақтан желмен
бір хабар білінсе дедім.
Жылылық күткен жанарың –
жас моншақтатса,
Сезіміңе, айнам,
сенімнің жырын төгемін.
Сағыныш лебі
жүректі тербеген сәтте,
Қияли жан боп көріндім
көлденең көпке.
Жалғыздың мұңын жасқамай,
жалғанда мынау,
Жарыместік сынды жетем деу
көздеген шекке.
Өмірде өзің
шырқайтын бас әнім дер ме ем,
Әрине, әзір белгісіз
асарым да өрден.
Бақыттыларды көргенде
бейхабар мұңнан
Оһ, саған сондай жақсылық
жасағым келген.
Кететінімді ұқпастан
тегістетіліп,
Теңескім келген тауменен
еңісте тұрып.
Қатыгездіктің барлығын
әлемге жауып
Мұңданған болдым содан соң
періштесініп.
Табалай қарап талайлар
кеткенде қырын,
Кешігіп ұққан боларсың
бетперде сырын.
Кіршіксіз сезім бәрібір елеусіз қалмас
Кещелер үшін
өмірге кектенбе, күнім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу