Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2022
107
Өткен күн
Жырақ қалды – десектағы,–
Қиянда,
Өткен күнге бұрылады
жиі арна.
Тобарсыған тірлік дәмін
татып қап,
Торыққанда
тілдесемін қиялда.
Сағыныштың
самалы есер тым майда,
Сырлы шақтың
сазын жүрек тыңдай ма?
Бәлкім,
сені қинамайды бұл қазір,
Қиналмаған ұтады рас,
мұндайда.
Қалт үзіліп
қайырмасы әнімнің,
Қалың ойдың
тұтқынына алындым.
Әлде, мені өртеймін деп
жарығым,
Жылылығын жоғалттың ба
жаныңның.
Жалындатып,
жанарыма мұң құйып,
Қимас құсым,
қалықтадың тым биік.
Саған деген сағыныштан
шарқ ұрып,
Жиі батам
Сезім-көлге тұңғиық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter