Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  114


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Бақ пен көз

Көңiлiңiз бiр-ақ сәтте мұңға иiп,
Сезiм кешiп қиялдан да тұңғиық –
“Ғашықпын!” деп
жар салдыңыз ғаламға,
– Мұныңызды шын дейiк.
Өр тағдырың
өртенуге сұранса,
Өз еркiңiз – құшақ аңса,
жыр аңса.
Бiр-екi ауыз сөзбен
жауап берейiн
Қанағаттан-дыр-алса.
Әлгi сезiм әлекке сап не түрлi,
Бел будыңыз,
күн әлi ерте – екiндi.
Қамыға ойлан,
Кетпегей бақ ғайып боп,
Қайта оралмас
бүгiнгi таң секiлдi.
Одан әрi
құныға емiп күн нұрын,
Бақ пенен Көз
жоғалтпады бiр-бiрiн.
Көзiңiзге көршi қонып
көп көздер
Талас туды,
жетедi ендi кiм бұрын?!
Керiсiнше,
жүрекке сан сұрақ сап,
Арман, шiркiн,
бара жатты жырақтап.
Көздiң саны
артты екен деп соңымда
Көбеймедi бiрақ Бақ.
Талпындыңыз,
тоқтадыңыз немесе –
Жағалауда жалғыз қалған
кемеше.
Арманына сай болмаса азабы
Көз бенен Бақ
алмайды ешбiр теңесе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу