Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2022
95
Даурыққан біреу
Даладан келген текті ұлдың,
Даңғаза миын жеп тынды.
...Күткені елдің көп жылғы –
Көк байрағын көке ілді.
Құлшынған қазақ – құпталған,
Қауымы үміт күтті алдан.
“Барлығың үшін” деді де,
Билікке жетті –
Бітті арман.
Нашасын шегіп “наз” қылды,
Аранын ашты, аздырды.
Айқайын салды –
“Аспа-а-ан!” – деп
Мас қылып
мансап аз күнгі.
Жұлдызы болып жайнамай,
Қызара бөрткенге
қайдағы Ай.
Далада, мейлі қалада
Даурыққан біреу –
“Дайрабай...”
Дулы думанды сезінбей,
Мөлдіреп тұнды көзімде ой.
“Бұлардың жай белгілі...”
(Басалқы қылар сөзім ғой.)
Қуанатын-ақ күн бүгін,
Тілімді тістеп, тынды үнім.
“... көк шолақ” үшін күрсінген
Би-аға, өзің сындымын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter