Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  117


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Бәрі өзгерер!

Тамсандырар тәтті ару
боп құмары,
Бойдақ жігіт сау басын
тасқа ұрады.
Аңсап жүрген бір күні
жар табылды,
Үйленген соң
өзгеріп кетті бәрі.
Алдыменен өзгерді
көңіл-дөнен,
Қоса шаппай тілегі
өмірменен.
Барлық шығын қоршады
жан-жағынан,
Ешбір табыс келмеді
жеңілменен.
Содан кейін өзгерді
дос қатары,
Дос көбейсе жанарың
от шашады.
Қоштасқан дос
сол оттан жас жасады,
Жар ақылы
тек оны тоқтатады.
Отау құрсаң –
қиынды жеңе білгін,
Жеңе білу –
кейінге берер үлгің.
Өздеріңе қатысты
өзгеруі
Жақсы, жаман жағына
ол өмірдің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу