Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  234


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Аналар мерекесі

Сегiзiншi наурыз – Аналар күнi,
Ең әсем әуенге саналар үнi.
Жарық дүниенiң қадiрiн түсiнер
Тойлайды бүкiл балалар мұны.
Думанға басып тойлайды бәрi,
Оралмас шағын ойлайды кәрi.
Күннiң нұры шуағын шашқанда
Ұялып қарарсың жандай кiнәлi.
Синоптик айтпай салқын жаңалық,
Жанардан нұрлы жалқын таралып.
Мейiрiм жiбiтiп алып-ұшар едiң,
Мұздаған шағың артыңда қалып.
Қалғандай асқақ тұста тұрағы,
Көңiлдiң көкке ұшса пырағы.
Қосыла оған шыңдар шақырса,
Қош айтып, қимай қыс та тұрады.
Шың сатысының
шегесi төзiм,
Ал, оны қағар егесi өзiң.
...Шуағың көктен себелер едi,
Үстемдiк құрса дәл осы сезiм.
P.S. Әйел – біздің таңдап алған жарымыз!
Aру – біздің ұятымыз, арымыз!
Ал, Анаға қарыздармыз бәріміз!
Құтты болсын 8-наурыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу