Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  334


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Түстегі бейне

Мен де кеттім,
Сен де кеттің,
Ол қалды –
Түніменен дөңбекшіді,
толғанды.
Өксігенмен ұта алмасын
ұқты да,
Өзін-өзі жұбатуды
қолға алды.
Қалам алды отты ойлары
жанды өртеп,
Отты ойға дер кезінде
мән бер тек.
Жабығардай жазығы не
жалғыз қап,
Жанашырлық болғаныма
мәңгі ертек.
Саған арың қандай бағыт
нұсқауда,
Мен жаныма сұрай алман
түк сауға.
Өз бойымнан табылмады
қажет күш
Оған қанша тырысқанмен
ұқсауға.
Қайырылмай кеттік біздер,
Ол қалды.
Қансырады.
Қайраттанды.
Долданды.
...Көк теңізді көлбей жүзіп
баратқан
Түсімде ылғи көріп шығам
сол жанды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу