Өлеңдер ✍️

  26.05.2022
  136


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Өлең - өмір

Жеткен едік қалаға
Өмірге ынтық топ өрен,
Желеп-жебеп өр өлең.
Шайырларды көреген
Кем санамай төреден.
Жүрген едік ән салып,
Махаббатқа малынып.
Сұлулыққа тамсанып,
Дегдарлыққа табынып.
Ақындардың сөзі құт
Талантына бас ұрып.
Вокзалдарда көз іліп,
Лифте таң атырып,
Наз арнадық заманға,
Тоқпағына шағылып.
Жас ойнады жанарда
Жасыл белді сағынып.
Арманшылдың әманда,
Соры – күдік, бағы – үміт.
Қара түнде таңылдық
Қалам менен дәптерге
Бар уайымнан арылдық
Өлең келген сәттерде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу