Өлеңдер ✍️
Жиырма жылдан соң
Ұстаздан тәлiм алып
қаншама жан,
Есейiп, елдiң жүгiн
арқалаған.
Ұзаса, ұмыта алмай
балалықты,
Бар түлек шәкiрт шағын
аңсап алар.
Мектебiн қимай-қимай
өрiптi ұл-қыз,
Қоштастық он жетiде
ерiксiз бiз.
Бас иiп бүгiн
ұшқан ұямызға
Жиырма жыл өткеннен соң
келiп тұрмыз.
Ұстаздар, сiздер асқақ
тауларсыздар,
Ықтадық қаһарына
алғанда ызғар.
Ұшырып түлектердi
әр жыл сайын,
Жүректен ұшпай, қонып
қалғансыздар.
Оралса өскен жерге
босайды әркiм,
Бiр сезiм жүректерде
атой салды.
Көңiлiң тулап ала
жөнеледi,
Көргенде ағайлар мен
апайларды.
Ұстазы мен ұясына
нұр тiлеген,
Ұрпағың келдi ортаңа,
сiлкiне бер.
Қаламай қояр едiк
өзге бақты
Сол күндер қайтып келсе,
шiркiн егер!
Оралмас ендi әрине,
ол күй өткен,
Самалы сағыныштың
желпи ескен.
Шаттыққа бөлене бер
алтын ұя,
Мың алғыс айтамыз бiз
ақ ниетпен
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter