Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2022
140
Туған дала
Кінә артпа, Далам,
Арманым кетті
қарыштап қиял-дүлділмен,
Соқпағым мынау
соқтырар қайда кім білген?..
Мазасыз ойлар
меншіктеп алып санамды
Қасиетіңді енді ұққандай болып
тұрмын мен.
Жырақтап барам
Жылжысам ғана
өтелерме деп жол құны,
Желкенді ойды
сырғытып сезім толқыны.
Кеудеме қоныс аударған сынды
Жер-шарын
Жаралап біткен
жарылыстардың солқылы.
Шыдап та бағам,
Күнің мен түнің
алмасып тұрар десекте,
Әр атқан таңға
мені де қоса есепте.
Туған жер, әлі
топырағыңа оралам
Тосырқап кеткен
үміттеріңді алып жетекке.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter