Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.05.2022
410

Өзіңнен көр
Кер мұңлығым, кез боп ек қайдан ғана?
Кеттік міне, келе алмай байламға да
Кеудем менің – бүгінде кермегі көп
Боз мұнарлы боздаған майдан дала
Кінәнің іздемегін күйін менен,
Кезім жоқ біздер үшін күйінбеген.
Сен туралы сан ойды сабақтай кеп,
Тағдырымды сенімен түйіндегем.
Көңілдің сені сүйді көктемі де,
Талай түн жанар моншақ төкпеді ме?
Қабағыңнан бір кірбің көргім келмей,
Ұмыта салатынмын өкпені де.
Кеткісі келсе таппайды себепті кім?
Бәрі қалай өзгерді кенет бүгін?
Өмір маған көбірек үйретіпті.
Қалай кешірімшіл болу керектігін
Тәкаппармын деуші едім, өзіңнен де өр,
Қандай күйде жүр екем көзіңмен көр.
Қайырылып келіп жүрсең, сезімнен көр,
Айырылып қалып жүрсең, өзіңнен көр...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇