Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.05.2022
191
Ақ моншақ жаңбыр құйылды бүгін...
Ақ моншақ жаңбыр құйылды бүгін
Кейінде қалды құйынды күнім.
Сезім де менде әр-сәрі күйде
Ұғуға тырыс күйімді, гүлім.
Сағынбағанмен сағымды шақты,
Тулатып тағдыр шаңымды қақты.
Сырлы сұрақтын жауабын тапқам,
Кез қылды бірақ тағы жұмбақты...
Ойланып жүрмін өзіңіз жайлы
Кездеспей кеткен кезіміз – қайғы.
Салқында қалса сезімі суып
Ыстық жүректің өзі мұздайды.
Өрлетер өрге асылық кімді?
Айту да қиын ашылып сырды.
Әсерлі әлі әңгіме барын
Сенің де көзін жасырып тұрды.
Құпиялығымды ұрлапсың деме
Жүрсің-ау сен де мұңды ап, шын сене...
Жаныңда жүріп жалғыздық көрдім
Шынымен, сұлу, жұмбақсың неге?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter