Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.05.2022
184
Ақтөбе. Суықтық
Ақтөбені ақ қар сүйді, құшаққа ап
Аяз-сезім тым суық.
Ұлыған күн төзімімді ұсақтап,
Келіп қалды мұң суыт.
Дүдәмалдау ой шашырап алапқа
Дүние тұр дүрлігіп.
Шаң-шаттығым жабыспады балаққа
Жүректегі жыр күліп.
Аппақ ұлпа билеп түсіп аспаннан
Кірпігіме шық тұрды.
Жылап ұшып үркек сезім жас жаннан
Үр қылығын ұқтырды.
Өмір жолын тайғақ деген кім еді?
Мұз сүрлеуден шошыдым.
Армандарым ай астына түнеді
Аярлықтай пошымым.
Ақтөбеде Арды көру арман ба?
Тылсымдылау түн. Көше…
Қайғы мені қиратпайды, таң қалма
Ширай түсем мұң десе!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter